Эстонияның ауыр салмақтағы ең үздік спортшысы «Әлем Барысына» қатысады
Павлодар қаласында қазақ күресінен тұңғыш рет өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турниріне (25-ші қазан) әр елдің мықтылары қатысады. Соның бірі Эстония елінің өкілі, тәжірибелі палуан – Мартин Падар.
Туған жылы – 1979 ж. Қазір жасы 35-те.
Туған жері – Таллин қаласы.
Бойы – 195 см.
Салмағы – 150 келі.
Жетістіктері:
2002 жылы 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған;
Дзюдодан Еуропа чемпионатында төрт мәрте қола жүлде алған (2005, 2006, 2007 және 2011 ж.ж.);
+100 салмақ дәрежесі бойынша 2009 жылы Еуропа чемпионы атанған;
Эстонияның әлі күнге дейін ауыр салмақтағы ең үздік спортшысы.