Польша елінен «Әлем Барысына» Мацей Сарнацки қатысады
«Әлем Барысына» әр елдің ауыр салмақтағы ең үздік түйе палуандары келеді дегенді айттық. Сол үздіктің бірі поляк палуаны – Мацей Сарнацки.
Мацей Сарнацки нағыз бабында тұрған палуан. Жасы да, тәжірибесі де керемет қабысып тұр. Соңғы жылдары ірі жарыстардың барлығында жүлдеге ілігіп жүр.
Туған жылы – 1987 ж.
Жасы – 27.
Бойы – 2 метр.
Салмағы – 124 келі.
Жетістіктері:
2011 жылы Шыңжаң қаласында өткен Универсиада ойындарының күміс жүлдегері;
2011, 2012, 2013, 2014 жылдары дзюдодан Польша елінің қатарынан төрт дүркін чемпионы атанған;
2013 жылы Таллин қаласында өткен Еуропа ашық біріншілігінің күміс жүлдегері;
2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиада ойындарының қола жүлдегері;
2014 жылы Тюмень қаласында өткен дзюдодан «Grand Slam» турнирінің қола жүлдегері;
2014 жылы Мадрид қаласында өткен Еуропа ашық біріншілігінің күміс жүлдегері.
vk.com/kazakhstanbarysy_2014