«Әлем Барысы». Ирак елінің намысын Кутайбой Хусейн Мохан қорғайды
«Әлем Барысында» Ирак елінің намысын қорғайтын палуан – Кутайбой Хусейн Мохан. «Әлем Барысы» халықаралық дәрежедегі мәртебелі турнир болғандықтан әр елдің үздіктері жиналады. Кутайбой Хусейн Мохан қазақ күресімен етене таныс, тіпті Азия чемпионатында жүлде алған.
Туған жылы – 1981.
Жасы – 33.
Бойы – 175 см.
Салмағы – 94 келі.
Жетістіктері:
2008 жылы жекпе-жектен Иранда өткен әлемдік фестивальдің күміс жүлдегері;
2009 жылы жекпе-жектен Вьетнамда өткен Азия жабық біріншілігінде күміс жүлде иеленген;
2009 жылы қазақ күресінен Қазақстанда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.