«Әлем Барысына» қатысатын ең жас палуан белгілі болды
«Әлем Барысына» 5 құрлықтан палуандар келеді. Сонау Австралия құрлығынан Джейсон Безуденхут атты палуан келмек. Джейсон Безуденхут – дәл қазіргі уақытта Австралияның ауыр салмақтағы ең үздік палуаны.
Туған жылы – 1996 ж
Бойы – 185 см.
Салмағы – 90 келіден жоғары.
2012-2013 жылдары дзюдодан Кэрнс қаласында өткен Мұхит аймағы чемпионатының жеңімпазы;
2012-2014 жылдары дзюдодан Сидней қаласында өткен Австралия чемпионатының жеңімпазы;
2008-2014 жылдары дзюдодан Австралияның Виктория аймағында өткен чемпионаттың жеңімпазы;
2010-2013 жылдары дзюдодан Австралияның абсолюттік жеңімпазы;
2013 жылғы дзюдодан Жаңа Зеландияның халықаралық дәрежедегі абсолюттік жеңімпазы.