"QAZSPORT" арнасы дзюдодан «Grand Slam» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
Дзюдодан Қазақстан құрамасы 2018 жылдың ең соңғы «Grand Slam» турниріне қатысады. 23-25 қараша аралығында Жапонияның Осака қаласында өтетін болады. Әлемнің 75 елінен 454 спортшы қатысатын бәскеге елімізден 13 дзюдошы аттанады.
Ерлер:
Елдос Сметов (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)
Әділхан Қозыбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)
Әйелдер:
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.
Дүбірлі доданы "QAZSPORT" арнасы тікелей эфирде көресетеді.
Көрсетілім кесетсі:
23 қараша 14:25
24 қараша 14:25
25 қараша 14:25