«Әлем Барысына» Мали елінен палуан келеді
25 қазанда Павлодар қаласында қазақ күресінен өтетін «Әлем Барысы» халықаралық жарысына Африка құрлығынан үш балуан келеді.
Камерун және Кот-иДивуар палуандары туралы бұған дейін мәлімет берген едік. Үшіншісі – Мали елінің намысын қорғайтын дзюдошы Гоуссо Сидибе. Бүгінде Малидің ауыр салмақтағы ең үздік палуандарының бірі саналады.
Туаған жылы – 1981 ж.
Бойы – 185 см.
Салмағы – 100 келіден жоғары.
Жетістіктері:
– 2011 жылы Мозамбикте өткен Африка ойындарында дзюдодан күміс жүлдегер атанған;
– 2013 жылы самбодан Мароккода өткен Африка чемпионатының іріктеу сындарында нәтижелі өнер көрсеткен.