Бейбіт Ыстыбаев «Әлем Барысына» қатысады
«Әлем Барысында» Қазақстанның намысын қорғауға үміткер палуандардың бірі – Бейбіт Ыстыбаев. Тараз арланы 2011 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері. 2012 жылы Қазақстан Барысы атанды.
2013 жылы алғаш рет өткен Халықаралық «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы. Сондай-ақ, қазақ күресінен Әлем чемпионы (2008 ж.), Азия чемпионы (2009 ж.) деген атақтары бар.
Егер Бейбіттің бабы келісіп, дайындығы басқалардан ілгері болса 2014 жылдың 25 қазанында Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысында» ел намысын қорғайтын қазақстандық төрт палуанның бірі болады.