«Әлем Барысы». Ең ауыр палуанның салмағы – 161 келі
25 қазанда Павлодарда өтетін «Әлем Барысы» турниріне дүниежүзінің 35 мемлекетінен жиналған 38 палуан салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.
Куба елінен келген 161 келі тартатын 29 жастағы Оскар Рене Видал Брайсон жарыстың ең ауыр палуаны атанды. Ал, «Қазақстан Барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтың салмағы 145 келі болса, «Қазақстан Барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаров 142 келі тартты. Басқа қазақстандық Асыл Бәрменов – 105, ал Руслан Әбдіразақ 118 келі келі болды.
«Әлем Барысы» турниріне тек 90 келіден асатын түйе палуандар ғана қатысады. Алты құрлықтан келген спортшылар жүлде қоры 100 мың АҚШ доллар болатын алтын белбеуге таласады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 150 мың АҚШ доллары
Еске сала кетейік, 25 қазанда «Әлем Барысы» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде Астана уақытымен сағат 12:00-де көрсетеді.
35 елден жиналған палуандардың тізімін мына жерден көре аласыздар.
Фото: vesti.kz