«Еуразия Барысы» І жарысының күміс жүлдегерлері бақ сынайды
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында Моңғолия елінің намысын қорғаған қазақ палуаны Бақыт Одынайұлының жетекшілігімен «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне Моңғолияның бес палуаны келеді.
1.Хэрлэн Ганболд улы
Туған жылы – 1992.
Бойы: 174 см.
Салмағы: 60 келі.
Жетістіктері:
– Дзюдодан Гран-при турнирінің бірнеше рет жүлдегері (2011, 2012 жж.).
2.Цагаанбаатар Хашбаатар улы
Туған жылы – 1984.
Бойы: 170 см.
Салмағы: 70 келі.
Жетістіктері:
– Дзюдодан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Афины, 2004 ж);
– Моңғолияның еңбек сіңірген спортшысы (2004 ж.);
– Самбодан Әлем чемпионы (2005, 2009 жж.);
– Қазақ күресінен Азия чемпионы (2006 ж.);
– Дзюдодан Әлем чемпионы (2009 ж.);
– Моңғолия Батыры атағын алған (2009 ж.).
3.Давгадорж Монхбат улы
Туған жылы – 1989.
Бойы: 174 см.
Салмағы: 80 келі.
Жетістіктері:
– Дзюдодан Гран-при қола турнирінің қола жүлдегері (2012 ж.).
4.Цогтгэрэл Хуягт улы
Туған жылы – 1992.
Бойы: 180 см.
Салмағы: 90 келі.
Жетістіктері:
– Дзюдодан Гран-при қола турнирінде 2,3 орын алған (2012-2013 жж.).
5.Сугаржаргал Болдпурэв улы
Туған жылы – 1989.
Бойы: 193 см.
Салмағы: 170 келі.
Жетістіктері:
– Дзюдодан Гран-при турнирінің қола жүлдегері (2012 ж.);
– Белбеу күресінен Әлем чемпионы және Еуразия чемпионатының күміс жүлдегері (2013 ж.).
Фото: kazakhstanbarysy.kz