«Еуразия Барысына» қатысатын Тәжікстан палуандары белгілі болды
22-қарашада сағат 12.00-де Тараз қаласында қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі кубоктық жүйе бойынша өтеді. Жарысқа 12 елден 60 палуан қатысады.
Чамшид Шониезов баптайтын Тәжікстан Ұлттық құрамасындағы 5 палуан «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне дайын. Тәжікстан құрамасы сапында «Әлем Барысында» «Жеңіске деген жігері үшін» деген құрметке ие болған Дадахон Курбоналиев бар.
1. Тилло Абдуллозода
Туған жылы – 1990.
Бойы: 177 см.
Салмағы: 60 келі.
Жетістіктері:
– 2014 жылы тәжіктердің ұлттық күресінен Тәжікстан чемпионы.
2. Мухаммадризвон Азизи
Туған жылы – 1994.
Бойы: 168 см.
Салмағы: 70 келі.
Жетістіктері:
– 2012, 2013 жылдары самбодан жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы.
3. Суруш Каримов
Туған жылы – 1996.
Бойы: 174 см.
Салмағы: 80 келі.
Жетістіктері:
– 2013,2014 жылдары самбодан жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы.
4. Аминджон Джалолов
Туған жылы – 1994.
Бойы: 193 см.
Салмағы: 90 келі.
Жетістіктері:
– 2014 жылы тәжіктердің ұлттық күресінен Тәжікстан чемпионы.
5. Дадахон Курбоналиев
Туған жылы – 1989.
Бойы: 177 см.
Салмағы: 102 келі.
Жетістіктері:
– 2013 жылы самбодан Азия чемпионатының жүлдегері;
– 2014 жылы дзюдодан Тәжікстан чемпионы;
– 2014 жылы гуштингириден (күрес түрі) Тәжікстан чемпионы.
Айта кетейік, «Еуразия Барысы» ІІ халықаралық турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: kazakhstanbarysy.kz