Тоғызқұмалақтан «Жас дарын» турнирі өтті
ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және «Тоғызқұмалақ» федерациясының ұйымдастыруымен Тұңғыш президент күніне орай Астана қаласындағы «Жастар» сарайында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан «Жас дарын» қалалық ашық турнирі өтті, деп хабарлайды Namys.kz.
Турнирге Астана қаласының және Ақмола облысының ең үздік 32 жас спортшысы қатысты. Жарысты ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан мырза ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тоғызқұмалақты Абай, Ахмет, Әлихан бастаған ұлт зиялылары да жақсы көріп ойнап, оның үлкен насихатшысы болғанын жастарға айтып берді. Абайды тоғызқұмалақтан ешкім жеңе алмапты.
Тоғызқұмалақ - ұлттық спортымыздың iшiндегi шоқтығы биiк, толық қалыптасқан спорт түрi. Ол әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiмен бой теңестiре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнерi.
Турнир жыл сайын Тұңғыш Президент күні өткізілетін болады.
Жарыста үшінші орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 3-курс студенті Айым Мұсаева иеленді.
Екінші орын №54 мектептің оқушысы Нұржан Есенбекке бұйырды.
Ал, №4 мектептің оқушысы Нұрберген Риза ашық турнирдің жеңімпазы атанды.