Бүгін Қазақстан құрамасы қазақ күресінен Әлем чемпионатында төртінші алтын медалін иеленді
Қазақ күресінен Орынборда өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық палуандар төрт алтын медалін иеленді.
6-шы желтоқсанда Ғалымжан Әбдірахманов (70 келіге дейін) пен Ғани Келдіқұлов (60 келіге дейін) Қазақстан құрамсына тағы екі «алтын» қосты.
Ғалымжан Әбдірахманов финалда қырғыз Мирлан Ерәлиевпен күресіп жеңіске жетті.
Ал, Ғани Келдіқұлов өзбекстандық Абрар Жаббаровтан басым түсіп, Қазақстан Ұлттық құрамасына Әлем чемпионатында төртінші алтын жүлде әкелді.
Бұған дейін Айбек Нұғымаров (90 келіден жоғары) ресейлік Сослан Челохсаевты ұтып, қазақ күресінен үш дүркін Әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар, Тоқтар Қарқатенов 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде елімізге алтын медаль ұтып алған еді.