Астанада «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктері марапатталды (ФОТО)
Шара барысында жыл бойы үздік деп танылған 18 спортшыға «Алтын тұғыр» табысталды.
Халқымыздың баға жетпес қазынасы - ұлттық спорт түрлерін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттауға арналған шара өткен жылдан бері қолға алынып келеді.
Биыл екінші рет ұйымдастырылған шарада Көкпар спортында Абылайхан Нышанбеков (ОҚО) «Көкпардың жыл шабуылшысы», Жалғас Қыянов (Жамбыл облысы) «Көкпардың жыл қорғаушысы», Қуанышбек Құрамаев («Хан» атының иесі) «Көкпардың жыл аты», Нұрдәулет Момынов («Аю» атының иесі) «Көкпардың пырағы», Темірхан Айтбаев (ОҚО) «Көкпардың жыл салымгері», Құрманбек Тұрғанбеков (Жамбыл облысы) «Көкпардан жылдың жас саңлағы», Мақсат Азбаев (СҚО) «Ұлттық ат спорты ойындарының үздік төрешісі» атанды.
Ал, Аударыспақ ойынында Біржан Қосалиев (ОҚО) «Аударыспақтың ауыр салмақтағы жыл палуаны», Ермек Жұмабекұлы «Аударыспақтың 70 келі салмақтағы жыл палуаны», Сырым Ізбасаров «Аударыспақтың 90 келі салмақтағы жыл палуаны», Марат Нұрпеиісов «Аударыспақтан ауыр салмақтағы үздік палуаны», Жанбатыр Бекмұсаев (ОҚО) «Аударыспақтан жылдың үздік жаттықтырушысы» атағын иеленді.
Бүркітшілік спортында Арман Қошқаров «Жыл бүркітшісі», Дулат Әбен Күнтуған Тоқтыбай атындағы номинация «Жылдың жас бүркітшісі», Бағжан Бағдәулет «Жас бүркітші» деп танылды.
Ат бәйгесінде Мейіржан Сексенов («Бақторы» иесі) «Жыл Алтын тұлпарының атбегісі», Мерхан Жолдасұлы «Жыл Алтын тұлпарының шабандоз баласы», Ерлан Сатыболдинов «Жыл атбегісі», Рамазан Сатыбалдиев «Жыл шабандозы», Ертілеу Сатыбалдиев «Жыл атбапкері», Саят Арынов «Жыл атбегісі», Ғабит Үмбетов «Жыл атбегісі» ретінде марапатталды.
Тоғызқұмалақтан Жанат Қаймулдин «Тоғызқұмалақтан жыл ойыншысы», Салтанат Сапарбекова «Тғызқұмалақтан жылдың үздік ойыншысы» және Қабидолла Нұршин «Тоғызқұмалақтан жыл жаттықтырушысы» атанды.
Асық ату спортында Руслан Асанов «Асық атудан жыл мергені», Адай Мұхамеджан «Асық атудан ересектер арасында жыл мергені», Дабыл Наурызов «Асық атудан жыл мергені жаттықтырушысы» деп танылды.
Жамбы атудан Алдияр Нұрғазиев «Жамбы атудан жыл мергені» атағын жеңіп алды.
Теңге ілу ойынында «Теңге ілуден жыл ойыншысы» атағын ақтөбелік Әлихан Бәшімбаев иеленді.
Жыл құмай тазысы аталымында Аманат Тоқабаевтың тазысы «Жыл құмайы» атанды.
Қазақ күресінен Айбек Нұғымаров «Қазақ күресінен жыл палуаны», ал Серік Қоржыкенов «Қазақ күресінен жыл палуанының жаттықтырушысы» деп танылды.
Насихат блогы аталымында Азамат Битан «Ұлттық спортты насихаттаушы үздік блогер», Қайырхан Мәулен «Ұлттық спортты насихаттаушы үздік журналист», Рүстем Күлшебаев «Ұлттық спортты насихаттаушы үздік режиссер», Руслан Дәулетов «Ұлттық спортты насихаттаушы үздік продюссер», Нұрсұлтан Ибрагимов «Ұлттық спортты насихаттаушы үздік редактор» атанды.
Сонымен қатар, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Елімжан» орденімен ұлттық спортты насихаттауға еңбек сіңірген «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова, «Қансонар» республикалық қауымдастығының Басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, меценат Базарбай Мұсабеков марапатталды.
Ұлттық спорт ұжым басшылары арасында Қанағат Сүйебайұлы (Маңғыстау облысы) «Көкпар ойынын үздік ұйымдастырушы», Ғани Ахметбаев (Ұлттық спорт мектебінің директоры (ОҚО) «Ұлттық спортты ұйымдастырушы үлгілі ұжым жетекшісі», Гүлмира Тасмағамбетова «Жасөспірімдердің үздік ұлттық спорт тәрбиешісі» болып танылды.
Ал, «Ұлттық спорттың ардагері» аталымын Әбілхан Дауылбаев, Жолдыбай Кенжеғұлов пен Нәркен Қалибеков иеленді.