Дзюдо. ӘЧ. Александра Подрядова мен Отгонцэцэг Галдбарах (48 келі)
Астанада 24-30 тамыз аралығында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан Ұлттық құрамасы атынан Александра Подрядова мен Отгонцэцэг Галдбарах күреседі.
Александра ПОДРЯДОВА
Туған жылы: 1989-05-11
Туған жері: Шымкент
Салмақ дәрежесі: 48 кг
Бапкері: Я.Клобутцкий
Жетістіктері: дзюдодан ҚР спорт шебері, Олимпиада ойындарына қатысушы (Лондон, 2012 ж.), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (Өскемен, 2013 ж.), Әлемдік Гран-придің қола жүлдегері (Алматы, Ташкент, 2013 ж.), жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Доминика Республикасы, 2008 ж.).
Отгонцэцэг ГАЛДБАРАХ
Туған жылы: 1992-01-25
Туған жері: Ұлан-Батор, Моңғолия
Салмақ дәрежесі: 48 кг
Бапкері: Ж.Саламатов
Жетістіктері: Әлем Кубогының қола (2011) және күміс (2012) жүлдегері, «Үлкен дулыға» жарысының екі дүркін күміс жүлдегері (2013), Еуропаның ашық Кубогының күміс жүлдегері (2013), Әлемдік Гран-придің 5 дүркін қола жүлдегері (2012 — 1, 2014 — 4), Гран-придің күміс (2013) және алтын (2014, Астана) жүлдегері. Әлем чемпионатына екі рет (2013, 2014) қатысып, алғашқы айналымдарда жол берген.