ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұлттық спорт ережелерін жетілдіру мақсатында семинар өткізді
ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы өңірлердегі өкілдерін жинап, арнайы семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерінің ережелерін қайта талқылап, халықаралық талаптарға сай ету кемшіліктерді жойып, толықтырып, қайта қабылдау.
Әсіресе, енді қолға алынған жамбы ату сияқты ойын түрінің ережесін нақтылау. Осы спорт түрі жақсы дамыған шетелдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, ойын ережелерін қалыптастыру басты назарда болды.
Биыл ұлттық спорт түрлерінен бірнеше халықаралық жарыстар, чемпионат пен ондаған республикалық турнилер өткізу жоспарланған.
Көктемде Түркияда Көкпардан ІІ ашық Азия чемпионаты өтеді. Қазірдің өзінде оған қызу дайындық басталған.
Көкпаршылардың формалары, қорғаныш құралдары мен ат әбзелдерінен бастап ойын ережелері жетілдіріліп, жоғары стандарттарға сай жасалмақ.
Семинарға еліміздің барлық өңіріндегі ұлттық спорт клубтарының, мектептердің басшылары, жаттықтырушылар мен судьялар қатысты.
Фото: ulttyqsport.kz