Тоғызқұмалақтан компьютерлік бағдарламалар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1-ші орын иеленді
Чехия Республикасының Пардубице қаласында тоғызқұмалақтан компьютерлік бағдарламалар арасындағы ІІІ Әлем чемпионаты өтті.
І орынды 6 ұпай жинаған қазақстандық Ернар Шамбаев, Диана Кенина және Серік Ақтаевтың бағдарламасы жеңіп алды. ІІ орын Қырғыз авторларының бағдарламасы иеленсе, ІІІ орынға Чехия Республикасының авторлары тұрақтады.
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және тоғызқұмалақтан Чехия Республикасының федерациясы халықаралық деңгейде насихат жүргізу үшін зияткерлік ойындарды жазатын әлемнің үздік программистерін тартуға ден қоюда.