ІІ «Алтын тұлпар» республикалық аламан бәйгесін 30 камера мен 1 тікұшақ түсіреді
Қыркүйекте Қазақ xандығының 550 жылдығына орай Астана маңындағы Қабанбай ауылында «Алтын тұлпар» республикалық аламан бәйгесі өтеді.
«Биыл бәйге 51 шақырымға созылады. 12,5 шақырымнан тұратын 4 айналым болмақ. Аламан бәйгені түсіруге 30 камера мен 1 тікұшақ жұмылдырамыз», - дейді ҚР Ұлттық спорт түрлерi қауымдастығының президентi Бекболат Тiлеухан.