Көкшетау қаласында ұлттық спорт түрлері бойынша жасөспірімдер чемпионаты өтуде
Көкшетау қаласында Кеңес Одағының Батыры, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған ұлттық спорт түрлері бойынша жасөспірімдер чемпионаты басталды, деп хабарлайды ulttyqsport.kz.
Ашылу салтанатына ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының бірінші вице-президенті Ерлан Оспанов, Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина қатысты.
Биылғы чемпионатқа барлығы 7 облыс (Ақмола облысы, Жамбыл облысы, ОҚО, БҚО, ШҚО, СҚО, Ақтөбе облысы) спорттың 4 түрінен (көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату) бақтарын сынауда.