Республикалық жасөспірімдер чемпионаты мәресіне жетті
Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерей тойымен орайлас Көкшетау қаласында жалауын көтерген чемпионат мәресіне жетті. Аталмыш жарысқа 1997-1999 жылы туған жасөспірімдер ұлттық спорттың көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату түрлері бойынша сайысқа түскен.
Бұл жарыс осымен төртінші рет өткізілді. Биылғы чемпионаттың ерекшелегі жамбы ату спорт түрі алғаш рет енгізілуінде. Барлығы 7 команда (Ақмола об. Жамбыл об. ОҚО, БҚО, ШҚО, СҚО, Ақтөбе об.) қатысқан, деп жазады ulttyqsport.kz.