Астанада «Теңге ілуден» І Ашық Азия чемпионаты және «Асау үйретуден» республикалық турнир өтті
Кеше, 30 тамызда Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Теңге ілуден» І Ашық Азия чемпионаты және «Асау үйретуден» республикалық турнирі өтті. Бас демеуші - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.
Ауқымды шараға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Әзербайжан республикаларының спортшылары қатысты.
«Теңге ілу» І ашық Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды. І орын - Ғалымжан Ізжанов(Қазақстан), II орынның иегері - Әлихан Башембаев (Қазақстан), III орын Хуатхан Авдал (Моңғолия), ал IV орын Түркия спортшысы Кизилгоз Аденге бұйырды.
«Асау үйрету» республикалық турнирі жүлденің иегерлері келесі спортшылар - Жеңісбек Манахайұлы (ОҚО), Жеңісбек Серикұлы (Моңғолия), Айбек Кеншілік (ШҚО).