Дзюдо. ӘЧ. Назгүл Құбашева (57 келі) мен Мариан Урдабаева (63 келі)
Астанада 24-30 тамыз аралығында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Қыздар арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан Ұлттық құрамасы атынан Мариан Урдабаева, ал командалық жарыста Назгүл Құбашева (57 келі) күреседі.
Назгүл ҚҰБАШЕВА
Туған күні: 1992-09-25
Туған жері: Атырау
Салмақ дәрежесі: 57 келі
Бапкері: Ж.Қиянов
Жетістіктері: дзюдодан ҚР спорт шебері, Әлемдік Гран-придің қола жүлдегері (Ташкент, 2013 ж.).
Мариан УРДАБАЕВА
Туған күні: 1986-03-03
Туған жері: Алматы
Салмақ дәрежесі: 63 келі
Бапкері: Д.Кодзоев
Жетістіктері: дзюдодан ҚР спорт шебері, Әлем Кубогының қола жүлдегері (Чеджу, 2008 ж.), Еуропа Кубогының қола жүлдегері (Оренбург, 2013 ж.), Әлемдік Гран-придің екі дүркін қола жүлдегері (Алматы, Ташкент, 2013 ж.), Қазақстан чемпионы (Өскемен,2013 ж.).
Еске сала кетейік, Астана қаласындағы дзюдодан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.