Лондонда Қазақ күресінен «Болашақ» бағдарламасымен оқитын студенттер арасында «Болашақ Барысы» турнирі өтеді
Турнир 1 қарашада ұйымдастырылады. Қазақ күресі федерациясы мен «ҚазАльянс» қауымдастығы бірлесе отырып, Ұлыбритания астанасында «Болашақ» бағдарламасымен оқитын студенттер арасында «Болашақ Барысы» турнирін ұйымдастырмақ.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған бұл турнирге 16 студент қатысады, деп күтілуде.
Барлық палуан 74 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күреседі. Турнирге төрешелік жасау үшін елімізден халықаралық дәрежедегі төреші Нұрлыбек Ермағамбетов пен Ұлттық дәрежедегі төреші Ерлан Естек арнайы Англияға аттанды.