ШҚО-да бүркітшілер арасындағы республикалық X чемпионаты өтті
Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бүркітшілердің ересектер арасындағы республикалық X чемпионатына Астана қаласы мен еліміздің 10 облысынан келген құсбегілердің қолындағы 28 бүркіт пен 4 қаршыға қатысқан.
Қортынды бойынша Алматы облысының бүркітшісі Әнуар Тоқтасынов топ жарса, екінші орын – Бекболат Ысқақов (Павладор об), үшінші орын – Арман Қошқаров (Атырау об), төртінші орын – Арманбек Күнтуған (Астана қаласы) иеленді.
Қаршыға салудан, бірінші орын – Бабажан Бағдәулет (Жамбыл об), екінші орынға — Ақберен Құрманғалиев (Атырау об), үшінші орынға — Сейітжан Бекасыл (Алматы об) ие болды.
ulttyqsport.kz