Көкпар ережелері өзгеруде

Кеше елордада өткен ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының «Көкпар» ойының әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған халықаралық семинар-кеңесінде көкпар ойынының ережесіне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылданды.

Семинар барысында көкпар ойынында тартылатын серкені басқа заттан жасау, көкпар алаңына жаңадан айып алаңын белгілеп, офсайд аумағын анықтады. Сонымен қатар төрешілердің міндеттері мен көкпар алаңының қандай болу керектігі талқыланды. 

Осы орайда Моңғолиядағы Қазақ көкпар федерациясының төрағасы Ром Әуезхан көкпар ойынының негізгі философиялық мәніне тоқтала келе көкпар ойынының серкесін қазіргі замандағы командалық ойындарға ұқсатып, қарсы команданың қазандығына салу қате екенін айтты. 

«Бұл үрдіс бертінгі уақытта пайда болған. Ал дәстүрлі көкпардың пәлсапалық негізіне үңілер болсақ, әр ауылдың жігіттері жиналып келіп, серкені өз ауылына әкету үшін тартысқан. Жеңгендері серкені өз ауылына әкететін болған. Ал біз футболды, хоккейді, т.б. қарсыластық ойындарды көп керіп, соған бейімделіп кеткенбіз. Осыдан былай әр команда көкпар серкесін өз қазандығына салу үшін, ал қарсыластары салдырмау үшін ойнаулары керек» - дейді Ром Әуезхан. 

Семинарға қатысып отырған ұлттық спорттың жанашырлары бұл ұсынысты бір ауыздан құптап, дала заңына, халық философиясына негізделген ойынды қайта қалпына келтірді. Алдағы уақытта көкпар ойыншылары командалық салымды өз қазандықтарына салатын болады.

prosportkz.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді