«Астана» баскетболшылары «Қапшағай» клубын 101:72 есебімен ұтты
Еліміздің мақтанышына айналған «Астана» баскетбол клубы жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін өткізді.
Маттео Боничиолли шәкірттерінің қарсыласы «Қапшағай» баскетболшылары болды. «Астана» сапында алаңға жарақаттарына байланысты Антон Пономарев, Брион Раш және Павел Ильин шықпады. Бұл кездесу Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионаты аясында өтті. Былтыр елішілік жарыста 4-ші орынға тұрақтаған талдықорғандық ұжым елордалық клубқа лайықты деңгейде қарсылық көрсете алды. Бірақ бірінші кезеңнен соң ес жиып үлгерген алаң қожайындары басым түсіп ойынды өз пайдасына шешті. Есеп 101 – 72.
«Астана» баскетбол клубының қатысуымен өтетін ойындарды көрермен қауым «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.