Баскетболшыларымыз тағы да ұтылды
ВТБ Лигасының аясында «Астана» баскетбол командасы бұл жолы литвалық «Нептунасқа» есе жіберді. Алматыда өткен ойынның тағдыры соңғы секундтарда шешілді. 82:84 (17:20, 22:18, 20:26, 23:20) есебімен литвалық баскетболшылар жеңіске жетті. Маттео Боничиолли шәкірттері қатарынан төртінші ойында жеңілістің ащы дәмін татты.
Қонақтар сапынан Витаутас Саркаускас 29 ұпай жинаса, оның әріптесі Мартынас Мазейка команда қоржынына тағы 19 ұпай салды.
«Астана» клубының ойыншысы Олашени Абдул-Джелили Лавал 20 ұпай жинады. Оған көмектескен Брион Раш – 16 ұпай, ал Джерри Джонсон - 14 ұпай қосты.