«Астана» баскетбол клубы «Еурочеллендж» турнирінің плей-офф кезеңіне өтті
Астанада «Еурочеллендж» турнирі аясында елордалық клуб пен түріктің Бурса қаласынан келген «Тофаш» командасының арасында кездесу болып өтті.
Ойын 73:65 (20:18; 41:31; 60:48) есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бұл жеңіс «D» тобында сынға түсіп жатқан «Астананың» барлығы бес ойындағы төртінші жеңісі, осылайша олар жаңа баскетболдық турнирдің плей-офф кезеңіне іркілмей өтті.
Астаналықтар сапындағы ең үздік ойыншылардың бірі Джерри Джонсон кездесу соңында ойынға араласпады. Кейіннен команданың бас бапкері Александр Трифунович мәлімдегендей, Джонсон аталмыш ойын барысында аздаған жарақат алып қалды. Сол себепті бас бапкер оны келесі ойында өз бабында шығару үшін қатыстырмау туралы шешіс шығарды. Дегенмен Трифунович өзге ойыншылардың өнеріне өзінің оң бағасын беріп, сондай-ақ, Джерриді ВТБ Біріккен Лигасы аясында Мәскеу облысының «Химки» командасымен өтетін кездесуге дейін жарақатынан айығады деп үміттенеді. Бұл ойын 13 желтоқсан күні Астанада өтеді.
sk-sport.kz