15 қазан. Алматы. Бокс. Әлем чемпионаты
52 келі салмақта ел намысын қорғайтын Ілияс Сүлейменовтің қарсыласы белгілі болды. Ол австралиялық боксшы Эндрю Молони. Жасыл құрлықтың өкілі алғашқы айналымда Шри-Ланка боксшысы Диланка Паттиараччиді ұтты. Сүлейменов-Молони жекпе-жегі 18 қазанда күндізгі көрсетілімде шығады.
91 келіде жұдырықтасатын жерлесіміз Антон Пинчуктің қарсыласы венгриялық Имре Сцелло. Ол Марокко боксшысы Абделжалил Абдухамаданы жеңді. Пинчук-Сцелло 18 қазанда кешкі көрсетілімде жекпе-жекке шығады.
60 келі салмақтағы Берік Әбдірахманов Пуэрто-Рико боксшысы Даниэлито де Ла Росамен жұдырықтасады. Ол Грузия боксшысы Гиорги Гогатишвилиді еліне қайтарды. Әбдірахманов-де Ла Роса жекпе-жегі 20 қазанда кешкі көрсетілімде өтеді.
64 салмақтағы оғланымыз Мерей Ақшаловтың қарсыласы шотландиялық Джош Тэйлор. Ол Тринидад және Тобаго елінен келген жалғыз боксшы Акиель Оутрамнан мықтылық танытты. Ақшалов-Тэйлор жекпе-жегі 18 қазан күні күндізгі көрсетілімде.