Дзюдо. ӘЧ. Гүлжан Исанова (+78 келі)
Астанада 24-30 тамыз аралығында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсетін екі қазақстандық спортшының бірі – Гүлжан Исанова.
Қазақстан Республикасының дзюдодан Ұлттық құрама мүшесі.
Туған күні: 12.09.1983
Салмағы: 78 келіден жоғары
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы
Бапкері: Б.Халелов
Жетістіктері: Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері (2006, 2010), Азия чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2007, 2008, 2011), Азия чемпионы (2009), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2012), Еуропа Кубогының жеңімпазы (2012, Чехия), Әлемдік Гран-при бәсекесіеің екі дүркін жеңімпазы (2013, Алматы, Ташкент), Бейжің және Лондон Олимпиадасына қатысқан (2008, 2012).
Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Әлем рейтингісіндегі орны: 24 (592 ұпай)
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (дзюдо, самбо).