Қазақстандық төрт боксшы Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Кеше бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалдық бәсекелері өтіп, төрт бірдей қазақ боксшысы келесі кезеңге жолдама алса, тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Алдымен жанкүйерлерді аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен Біржан Жақыпов қуантты. Ол өзбекстандық Хасонбой Досматовтан айласын асырды. Алғашқы екі раундта біздің боксшының басымдылығы байқалды. Соңғысында өзбек боксшысы таразы басын өзіне аударуға тырысқан. Алайда кеш болды. Төреші Біржанның қолын көтерді. Жерлесіміздің келесі қарсыласы пуэрторикалық Энтони Чакон Ривера болмақ. Сондай-ақ осы салмақта кубалық Йосвани Вейтиа, италиялық Мануэл Каппаи, кореялық Ким Инкью, Алжир боксшысы Мохамед Флисси және бразилиялық Патрик Лоренсо келесі кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

56 келіде ел намысын қорғап жүрген Қайрат Ералиев те ширек финалға шықты. Алғашқы раундта сылбыр қимылдаған жерлесіміз соңғы екі раундта қарсылысын соққының астына алды. Қорытындысында төрешілер 2-1 есебімен жеңісті біздің боксышының пайдасына жазды. Қайраттың келесі қарсыласы Лондон Олимпиадасының чемпионы - кубалық Робейси Карразана болмақ. Ол өз кезегінде армениялық Арам Авагянды оңай жеңді. Сондай-ақ азербайжандық Чавид Чалабиев, үндістандық Шива Тапа, түркиялық Сельчук Экер, украиналық Николай Буценко, ресейлік Владимир Никитин және ирландиялық Майкл Конлан сынды былғары қолғап шеберлері де келесі кезеңде бақтарын сынайды.

75 келідегі үмітіміз Жәнібек Әлімханұлы біріншіліктегі келесі жарқын жеңісіне қол жеткізді. Оның Қарсыласы мексикалық Хуан Меркадо болған. Алғашқы раундтан бастап жекпе-жектегі басымдықты қолға алған Жәнібектің қарқынына тек төрешілер ғана тосқауыл болды. Яғни үшінші раундта Меркадо жарысты жалғастыра алмағандықтан техникалық нокаутпен жеңіс жерлесімізге бұйырды. Жәнібектің келесі қарсыласы румыниялық Богдан Журатони. Сондай-ақ ресейлік Артем Чебатарев, өзбек боксшысы Азизбек Абдугафуров, ирландияылқ Джейсон Куигли, венгриялық Солтан Харч, германиялық Штефан Хартель, ағылшын Энтони Фаулер де жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. Біріншіліктің кешкі сессиясында қос бірдей жерлесіміз өнер көрсетіп, бірі қуантса, енді бірі жанкүйерлерді жерге қаратты. Доминикан Республикасының боксшысымен болған жекпе-жекте Мерей Ақшалов оңай жеңіске жетті.

Ал 91 келіде сынға түскен Антон Пинчук өзбек боксшысына жол берді

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды