Сочи Олимпиадасында қауіпсіздік шаралары өте жоғары деңгейде болады
Волгоград қаласында террорлық әрекеттер орын алса да, Сочи қаласы спортшылар мен жанкүйерлер үшін қауіпсіз орын болып қала береді, - деді Халықаралық шаңғы спорты федерациясының президенті және Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Жан-Франко Каспер
«Бізге ең бастысы – қауіпсіздік керек. Терроризм - тек Ресейде ғана емес, дүниежүзінде өткір мәселе болып тұр. Бірақ, мен Сочи қаласы Олимпиада кезінде әлемнің ең қауіпсіз жері болатынына сенемін», деді ол Рейтер агенттігіне берген сұхбатында.
«Біз Альпі тауларында спорт индустриясын қалыптастыруға 150 жыл жұмсадық. Ал, Ресейдің 10 жыл ішінде таулы аймақта қандай керемет өзгерістер жасағанын көріп таңғалмасқа болмайтынын ерекше айтқым келеді. Ең заманауи үлгіде жасалған спорт алаңдарында Олимпиада ойындары жоғары деңгейде өтеді деп сенемін», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Сочи-2014 Қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 7-23 аралығында өтеді.