Сочи Олимпиадасын АҚШ-тың 2 әскери кемесі бақылайтын болады
АҚШ-тың 2 әскери кемесі Сочидегі Олимпиада ойындары кезінде төтенше жағдай туындаса, Ресейге көмек көрсету үшін Қара теңізге жіберілді. Бұл туралы Пентагон өкілі хабарлады.
Пентагон өкілі контр-адмирал Джон Кирби мәлімдегендей, Қара теңіз аумағында жүзіп жүрген АҚШ-тың 2 әскери кемесі Сочидегі ойындарда төтенше жағдай бола қалса, көмектесу үшін қазірдің өзінде сақадай сай тұр, деп хабарлайды «Эхо Москвы».