Сочи Олимпиадасының баспасөз орталығы жұмысын бастайды
Жұма күні Сочиде ХХII Олимпиада ойындарының Бас баспасөз орталығы тәуліктік жұмысын бастайды.
Сондай-ақ, 2014 жылғы Олимпиаданың тау кластерінде «Горки» медиаорталығын ашу көзделген.
Сочидің Олимпиадалық паркіндегі Бас медиаорталық 7 қаңтарда ашылған еді. Алайда, ол осы уақытқа дейін тәулік бойы жұмыс істемей келді.
Жалпы көлемі 158 мың шаршы метрден асатын негізгі медиаорталықтан кейін аумағы 20 мың шаршы метр болатын Бас баспасөз орталығы мен Халықаралық хабар тарату орталығы орналасқан. Соңғысының көлемі - 60 мың шаршы метр.
«Сочи 2014» Олимпиадасы ұйымдастырушыларының айтуынша, ақпараттық агенттіктердің кеңселері үшін 3,6 мың шаршы метр жер бөлінген. Оған әлемнің жетекші БАҚ өкілдері орналастырылады.
Бұл жерде күн сайын журналистермен 18-ге жуық кездесу болады деп күтілуде. Баспасөз мәслихаттары орыс, ағылшын, француз, неміс, итальян, қытай, корей және жапон тілдеріне аударылады.
«Сочи 2014» президенті Дмитрий Чернышенко: «Бас медиаорталықта БАҚ өкілдері мен телерадиохабар тарататын компаниялардың жұмыс жасауына барлық қолайлы жағдай жасалған. Ғимарат Олимпиада паркінің спорт нысандарына жақын орналасқан», - дейді.