Сочи Олимпиадасына Қырғыз Республикасынан жалғыз спортшы барады
Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Қырғыз Республикасы атынан жалғыз спортшы - Дмитрий Трелевский қатысады, деп хабарлайды Р-Спорт.
Бұл туралы Қырғыз республикасының спорт агенттігінің директоры Мұрат Саралинов мәлімдеді.
Оның айтуынша, олимпиадалық делегация құрамына Трелевскийден өзге тағы төрт адам кіреді. Жаттықтырушысы және үш олимпиада комитетінің мүшесі.
30 жастағы Трелевский Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Ол құлдилап сырғанауда 76-шы орынға тұрақтаған болатын. Ванкувердегі Ойындарға Қырғызстан атынан екі спортшы қатысты.
Ванкувердегі Олимпиада ойындарына Қырғызстан атынан екі спортшы қатысқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Сочиде өтетін Олимпиада ойындары 7 ақпанда басталып, 23-і ақпанда мәреге жетеді. Еліміздің атынан баратын спортшылардың нақты құрамы қаңтар айының соңында ресми түрде жарияланатын болады.
Алдын ала есеп бойынша Қазақстан атынан елу шақты спортшы барады. Ашылу рәсімінде Қазақстан Туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.
Фото: knews.kg