Олимпиадашыларға қолдау көрсетілді
Бүгін Астана қаласының Орталық саябағында жалпыреспубликалық «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» акциясы өтті. Назарбаев орталығы ұйымдастырған шараға 200-ден астам қала тұрғыны қатысты. Жиналғандар алдында Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко сөз сөйледі.
Шараға қатысушылар шаңғыдан жекелей және эстафеталық жарыс, допты хоккей бойынша сынға түсті. Сонымен қатар өзге де бұқаралық спорт түрлері ойнатылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыс етілді.