Қарағандылықтар Олимпиада құрамасын қолдау үшін конькиге тұрды
«Қарағанды Арена» мұз сарайында Қазақстанның Қысқы Олимпиада құрамасын қолдау мақсатында «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты акция өтті.
«25 қаңтарда республика бойынша «Назарбаев орталығының» бастамасымен «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты шара өткен болатын. Қарағандылықтар олимпиадашыларға өздерінің қолдауын білдіреді.
Мұз сарайына Қысқы спорт түрлерінің жас спортшылары, бұрынғы олимпиадашылар, спорт ардагерлері мен жастар қозғалысының белсенділері келіп қатысты», - дейді Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Тұрабаева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция әр жексенбі сайын мұз айдынында өтпек.