Елена Хрусталева - Азия чемпионы
Биатлоннан Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева спринттік жарыста Азия чемпионы атанды, деп хабарлады «Vesti.kz».
7,5 шақырымға созылған спринттік жарыста Елена Хрусталева Қазақстанның құрама командасындағы құрбысы Галина Вишневскаядан озып кетті. Жүлделі үшінші орын тағы бір қазақстандық спортшы Ольга Полторанинаға бұйырды.
Ал ерлер арасында 10 шақырымға созылған спринттік жарыста Сергей Наумик Азия чемпионы атанса, екінші орын спортшымыз Ян Савицкийге бұйырды. Ал үшінші орынға жас спортшы Василий Подкорытов табан тіреді.
Айта кетейік, Биатлоннан Азия чемпионаты 31 қаңтарға дейін жалғасады. Жарысқа Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Жапония және Қытай спортшылары қатысуда.