Шенеуніктер мемлекет есебінен Олимпиадаға бармайды
Мордовия үкіметі Сочи Олимпиадасының билеттерін шенеуніктерге емес, әлеуметтік саланың қызметкерлеріне таратып берді. Қысқы ойындарға мұғалімдер, дәрігерлер, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары, музей, театр және кітапхана қызметкерлері барады.
Олимпиада ойындарының билет тарату тәртібі бойынша Мордовия Республикасына 165 билет бөлінген. Республика үкіметі әлеуметтік сала өкілдерінің үздіктерін ынталандыру қажет деп шешім қабылдады, деп хабарлайды REGNUM.