Олимпиадаға 400 қазақстандық жанкүйер барады
Сочи Олимпиадасына баратын Қазақстанның жанкүйерлер тобының құрамына 400 адам енді. Олар спорт ардагерлері, еңбек сіңірген бапкерлер, жас спортшылар, журналистер, қазақстандық жанкүйерлер мен бапкерлер.
Қазақстандық делегацияның бірінші тобы Алматыдан 6-ақпан күні ұшады, ал екіншісі 15-ақпанда аттанады, деп хабарлайды Индустрия және туризм комитетінің баспасөз қызметі.
Сочиде қазақстандық делегация Олимпиада ойындарының болашақ астанасы - Алматы қаласын, сонымен қатар EXPO-2017 көрмесін насихаттау жұмыстарын жүргізіледі.
Айта кетейік, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Сочиде 7-23 ақпан аралығында өтеді.