Елена Коломина Олимпиадаға барады
Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық шаңғышыларға тағы бір квота бөлді. Жаттықтырушылар құрамының шешімімен бұл орын шығысқазақстандық спортшы Елена Коломинаға берілді.
Бұған дейін, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі жарияланған ресми тізімге 50 спортшы енген еді. Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Елена Коломина бұл тізімге ілінбей қалған. Енді қосымша квотаның арқасында дүбірлі додаға қатысуға мүмкіндік алды.