Сочиге баратын спортшылар тізіміне Марат Жапаров та енді
Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанға тағы бір қосымша квота бөлді. Бұл квота шаңғымен тұғырдан секіруші Марат Жапаровқа берілді. Спорттың бұл түрінен лицензияға тек Алексей Пчелинцев ие болған еді.
Бұған дейін бөлінген квотаға шаңғышы Елена Коломина ие болды. Сонымен Қазақстан намысын Олимпиада ойындарында 52 спортшы қорғайтын болды.