БҰҰ басшысы барлық елді Олимпиада уақытында бітімгерлікке шақырды
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Сочидегі Олимпиада кезінде әлемде қақтығысып жатқан барлық тараптарды әскери әрекеттерін тоқтатуға шақырды.
«Әскери қақтығыс болып жатқан барлық тараптары олимпиадалық бітім жасауға, БҰҰ-ға мүше 193 елдің барлығы мақұлдаған шешімді құрметтеуге шақырамын», - деп мәлімдеді Пан Ги Мун.
Оның сөзінше, елдер мен халықтар арасындағы алауыздықты олимпиадалық бітім арқылы кем дегенде бір күнге тоқтату - бейбітшілік жол табуға, өркениеттің гүлденуіне және адам құқықтарын құрметтеуге негіз салады.