Қысқы Олимпиада тарихы
-
2014
ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарын Ресейдің Сочи қаласы қабылдайды. Байрақты бәсекеге әлемнің 90 елінен 2800 спортшы қатысады. Қазақстан намысын бұл додада 52 спортшы қорғайды. Еліміздің көк туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.
-
2010
ХХІ қысқы Олимпиада ойындарын Канаданың Ванкувер қаласы қабылдады. 82 елден 2766 спортшы сынға түсті. Қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева жекелей сында күміс медальді жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте 1 қола медаль жеңіп алған Қазақстан мен Эстония елдері 25-26-шы орынды өзара бөлісті.
-
2006
XХ қысқы Олимпиада ойындары Италияның Турин қаласында жалауын желбіретті. Жарыс жолына әлемнің 80 елінен келген 2508 спортшы жарыс жолына шықты. Бұл жолы да қазақстандық спортшыларға жүлде бұйырмады.
-
2002
XІХ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтті. 77 елден 2390 спортшы келді. Қазақстандық спортшылар бұл Олимпиадада жүлде ала алмады.
-
1998
XVІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы Жапонияның Нагано қаласында тұтанды. 72 елден 2302 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасынан шаңғышы Владимир Смирнов пен конкьимен жүгіруші Людмила Прокашева қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Беларусь Республикасымен 20-21 орындарды бөлісті.
-
1994
XVІІ қысқы Олимпиада ойындарын Норвегияның Лиллехамер қаласы қабылдады. Әлемнің 69 елінен 1739 спортшы келді. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы тұңғыш рет қатысты. Атақты шаңғышы Владимир Смирнов 1 алтын, 2 күміс жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 12 орынға орналасты.
-
1992
XVІ қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альбервиль қаласында ұйымдастырылды. 64 елден 1801 спортшы келді.
-
1988
XV қысқы Олимпиада ойындарын Канаданың Калгари қаласында өтті. Әлемнің 57 елінен 1423 спортшы сынға түсті.
-
1984
XIV қысқы Олимпиада ойындарын бұрынғы Югославия мемлекетінің Сараево қаласын қабылдады. 49 елден 1272 спортшы қатысты.
-
1980
ХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы АҚШ-тың Лэйк-Плэксид қаласында тұтанды. 37 елдің үмітін арқалаған 1072 спортшы бәске түсті.
-
1976
ХІІ қысқы Олимпиада ойындарын Австрияның Инсбурк қаласы қабылдады. 37 елден келген 1123 спортшы жүлдеге таласты.
-
1972
ХІ қысқы Олимпиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында өтті. 35 елдің 1006 спортшысы қатысты.
-
1968
Х қысқы Олимпиада ойындарын өткізу Францияның Гренобль қаласына бұйырды. 37 елден келген 1158 саңлақ жүлде үшін таласқа түсті.
-
1964
ІХ қысқы Олимпиада ойындары Австрияның Инсбурк қаласында алауын тұтатты. Байрақт бәсекеге 36 елден 1091 спортшы келді.
-
1960
VIІІ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Скво-Вэли қаласында өтті. 30 елден 665 спортшы жарыс жолына шықты.
-
1956
VIІ қысқы Олимпиада ойындарын Италияның Кортина Д Ампеццо қаласын қабылдады. 32 елден 821 спортшы қатысты.
-
1952
VI қысқы Олимпиада ойындарын Норвегия астанасы Осло қабылдады. 30 елден 694 спортшы сынға түсті.
-
1948
V қысқы Олимпиада ойындарының алауы Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында екінші рет тұтанды. Бұл бәсекеде 28 елден 669 спортшысы бақтарын сынады.
-
1936
ІV қысқы Олимпиада ойындарын Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласы қабылдады. Жүлдеге әлемнің 28 елінен келген 646 спортшы таласты.
-
1932
ІІІ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Лэйк-Плэксид қаласында өткізілді. 17 елден келген 252 спортшы бақтарын сынады.
-
1928
ІІ қысқы Олимпиада ойындары Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында ұйымдастырылды. 25 елден 464 спортшы жарысқа түсті.
-
1924
І қысқы Олимпиада ойындары Францияның Шамони қаласында өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған додаға әлемнің 16 елінен 280 спортшы қатысты.