Виктор Янукович Сочи Олимпиадасына барады
Украина президенті Виктор Януковичтің Сочи Олимпиадасына ресми сапары жоспарлануда. Бұл туралы «РБК-Украина» телеарнасына берген сұхбатында елдің сыртқы істер министрі Леонид Кожара мәлімдеді.
Сапар аясында Виктор Януковичтің Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Януковичтің сапары апта соңында болуы мүмкін.
Айта кетейік, Сочидегі XXII Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты 7 ақпанда өтеді.