Әлем чемпионаты – 2015. Татамиге бүгін шығатын қазақстандық
Бүгін татамиге ерлер (60 келі) және қыздар (48 келі) шығады.
Астанадағы «Алау» спорт кешенінде дзюдодан Әлем чемпионаты басталды. Әлем біріншілігін 60 келідегі ер палуандар бастап береді. Ерлердің ізін ала 48 келідегі палуан қыздар сынға түседі.
Ерлер арасындағы 60 келіде бүгін ел намысын Елдос Сметов пен Рустам Ыбраев қорғаса, қыздар арасында 48 келіде Александра Подрядова мен Отгонцэцэг Галбадрах қорғамақ.
Айта кетейік, бүгін сағат 10:30-да іріктеу бәсекесін және 16:00-де чемпионаттың ашылу салтанатын «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз.