Сочидегі Олимпиадада ҚР ұлттық құрамасын 300 жанкүйер қолдайды - Т. Есентаев
«Бүгінгі таңда агентттік қазақстандық делегат құрамасын дайындауда. Оның ішінде бапкерлер, спортшыладан құралған 100 адам бар. Сондай-ақ, Сочиге ұлттық құраманы қолдау үшін 300 жанкүйер жіберуді жоспарлап отырмыз. Олардың тамақтануы мен спорттық киімі қамтамасыз етіледі», - деді Т. Есентаев.
Агенттік төрағасының айтуынша, Сочиде қазақстандық баспасөз орталығы қызмет істейді. Оның базасында Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттау жүргізілмек.
«Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Халықаралық Олимпиада комитетіне 2022 жылғы XXIV Олимпиада ойынын Алматыда өткізуге өтініш берілді», - деді Т. Есентаев.
Сочи Олимпиадасында қазақстандық делегат Қазақстанды паш ететін шараларды ұйымдастырады, ол Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде таныстырылады.