Рустам Ыбыраев Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
60 келі салмақта өнер көрсететін Р.Ыбыраев алдын ала кезеңде эквадорлық Ленин Пресиадо мен армениялық Амиран Папинашвилиді жеңді. Сондай-ақ кореялық Ин Хьюк Чойдан да басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келі салмақ дәрежесіндегі жарыстың финалдық бәсекесі Астана уақытымен сағат 17-00-де басталады. Ал 16-00-де әлемдік доданың ашылу салтанаты өтеді.
Естеріңізге салда кетейік, дзюдодан өтіп жатқан Әлем чемпионаты Рио-де Жанейрода өтетін Олипиада ойындарына іріктеудің жалғасы болып табылады. 24-тамыз күні басталған спорт бәсекесі ерлер мен әйелдер арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді.