Олимпиаданың ашылу салтанатын үш миллиард адам тамашалаған
Қысқы ойындардың ұйымдастыру комитеті телевизиялық трансляцияның аудиториясы жайында мәліметтерді жариялады. Ұйымдастырушылардың мәліметтері бойынша, телекөрсетілімді үш миллиард адам тамашалған.
Трансляция кезінде 140 камера пайдаланылып, ашылу салтанатын дайындауға 12 мыңнан астам адам жұмылдырылған. XXII Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 7 ақпан күні «Фишт» стадионында болып өтті. Олимпиаданың алауын Владислав Третьяк пен Ирина Роднина жақты.