Сочи Олимпиадасының алғашқы «алтынын» АҚШ спортшысы алды
ХХІІ Қысқы Олимпиаданың алғашқы «алтыны» АҚШ спортшысы Сейдж Коценбургқа бұйырды. Ол слоупстайл жарысында 93,50 ұпай жинап, ең жоғары көрсеткішке ие болды. Күміс медальді норвегиялық Столе Сандбек (91,75), қола медальді канадалық Марк Макморрис (88,75) жеңіп алды.