Латвиялық жанкүйерлер Олимпиада қаласына велосипедпен келді
Латвиялық төрт ерікті ел астанасы Ригадан XXII Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Сочи қаласына клиникалық балалар ауруханасы емделушілерінің салған суреттерін табыстау үшін велосипедпен келді.
Акцияға қатысушылар Карлис Плаканс, Карлис Барделис, Карлис Шкинчс және Роберт Драугс 2875 шақырымды 17 күнде жүріп өтіп, латвиялық спортшыларға бүлдіршіндердің салған 35 суретін жеткізбек.
Олар күніне 165 шақырымды бағындырып, Олимпиада қаласына Латвия, Литва, Польша, Украина елдері арқылы жеткен.
Delfi интернет-порталының хабарлауынша, әзірге велосипедшілерге спортшылармен кездесу мүмкіндігі туған жоқ. Олар науқас балалардың сәлемдемесін Латвия Олимпиада комитетінің президенті Вилнис Балтиньшке тапсырды.